Маңғыстаулық жүргізушілер көлік салығы үшін 640 миллион теңге қарыз, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірдің кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Құзырлы орган мамандары борышкерлерді камералар арқылы анықтап жатыр. Ал салық төлемеген жеке тұлғалардың көліктері айыппұл тұрағына жабылады.
- Көлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін болғанын ескертеміз. Ал мүлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 қазанына дейін. Салық төленбеген жағдайда жеке сот орындаушыға жолданып, есепшоттары жабылады, - дейді МО мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Қымбат Ердіқасынова.