Маңғыстау өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жол көктайғақ болды. Осыған байланысты көліктің барлық түріне шектеу қойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда, Атырау облысы шекарасынан Бейнеу ауылына дейін, Бейнеу ауылынан Өзбекстан шекарасына дейін, Бейнеу ауылынан Шетпе ауылына дейінгі жол жабық. Аталған жол учаскелеріне 12 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда көктайғаққа қарсы материалдарды жолға себу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы ретте өкілетті органдар жүргізушілерден алыс сапарға шықпауын сұрайды.