Ақтауда «Cyber Caspi Championship» киберспорт турнирі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстауда «CS:GO» бойынша әуесқойлар арасында онлайн ойындар жарысы ұйымдастырылды. Киберспорт жарыстары елімізде 4 жылдан бері ресми спорт түрінде өтіп келеді. Жарыс деңгейін бағалаған мамандар бұл қала киберспорттың өңірлік хабына айналуы мүмкін деп отыр.
Ақтау қаласы бұл сынды өткізу үшін арнайы таңдалған. Статистикалық дерек бойынша Маңғыстау облысы 16-74 жас аралығындағы желі пайдаланушылардың үлесі бойынша көш бастап тұр.
«Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Аманбаев жыл сайын әлемдік киберспорт нарығы орта есеппен 20%-ға өсіп келе жатқанын айтады.
- 1990-2000-шы жылдардың басында CS:GO, DOTA және т.б. компьютерлік ойындары көпшіліктің өмір сүру салтына айналған болатын. Осы турнирді өткізу арқылы біз көрерменнің қызғушылығының қай деңгейде екенін көрдік. Сондықтан мұндай іс-шараларды ұлғайту туралы идеялар бар, - деді «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Аманбаев.
Турнурдің бірінші кезеңінде командалар онлайн іріктеуден өтті. Ал чемпионаттың жартылай финалы «Rixos Water world Aktau»-да офлайн режимінде ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Team bikada» командасы 3-0 есебімен жеңіске жетті.