Жергілікті тұрғын белгісіз біреуден Дубайға бару үшін 660 мың теңгеге билет сатып алған, бірақ жоспарланған сапарына бара алмаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласының 51 жастағы тұрғыны наурыз айының басында шетелге шығуы тиіс болған. Алайда билетті алған адам әлі күнге дейін уәдесін орындамаған. Бұл туралы жәбірленуші полицияға арызданған. Келтірілген материалдық шығын 658 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Аталған дерек Ақтау қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.