1978, 2002 және 2004 жылы туған үш ер адам қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында емделіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- 17 қыркүйек күні зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Олар іштің алдыңғы қабырғасы көгеруі, травматикалық пневмоторакс (жарақатқа байланысты пайда болатын және өкпенің ішінара немесе толық құлауына әкелетін плевра қуысында ауаның жиналуы), оң жамбастың жабық сынуы секілді жарақат алған. Зардап шеккендердің екеуі хирургия бөлімінде, біреуі травматология бөлімінде жатыр,- деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.