Бейнеу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында «Е» есімді жеке кәсіпкерге 11 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз тағайындалғанын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Атап айтқанда, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 802-бабының талаптарын бұза отырып, камералдық бақылау нәтижесі бойынша аталған кәсіпкерге әкімшілік өндіріс қозғалған.
Прокурордың наразылығы негізінде уәкілетті органның қаулысының күші жойылып, нәтижесімен кәсіпкердің құқығы қорғалды”, деп жазылған Маңғыстау облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.