28 маусым мен 28 шілде аралығында Басқұдық-Маңғыстау бағытында 10 шақырымдық автожол бір ай бойы қайта құрылымдаудан өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асфальт жабындасын және көпірді құрылымдау 4 кезеңге бөлінеді:
1-кезең – «Айшат» мейрамханасынан «Дина» гипермаркеті жанындағы теміржол өткеліне дейін;
2-кезең – «Дина» гипермаркеті жанындағы теміржол өткелінен «Адай» базасы қиылысына дейін;
3-кезең – «Адай базасы» қиылысынан Басқұдық ауылы көпіріне дейін;
4-кезең – Басқұдық ауылы көпірінен «Анвар» гипермаркетіне қарама-қарсы Гелиос АГҚБ-не дейін.
- Осы орайда аталған жол учаскелері кезең-кезеңімен уақытша жабылатынын қаперіңізге береміз және туындаған келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз! Тұрғындарға қолайлы болуы үшін барлық автобус бағыты өзгеріссіз қалады, - делінген хабарламада.