Шетпеде ASU-MED клиникасы ашылды.
Клиникада кардиолог, невропатолог, хирург, терапевт, педиатр, уролог дәрігерлері кеңес беріп, қабылдау жүргізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан бөлек функционалдық диагностика кабинеті, оның ішінде электрокардиограмма, жүректі ультрадыбыстық зерттеу, артериялық қан қысымын 24 сағат бақылау (СМАД), жүрек ырғағының бұзылыстарын бақылау, (Холтер ЭКГ), бауыр, көкбауыр, өт қабы, ұйқы безі мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу бар.
Тұрғындар күндізгі емдеу бөлімінен ем қабылдап, арнайы ем-шара бөлмесінен қажетті дәрі-дәрмектерін салғыза алады. Клиника жанында лаборотория мен дәріхана да бар.
Бұл клиниканы 11 жылдық тәжірибесі бар жалпы тәжірибелік дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог Жанайдар Әбеуов пен оның жұбайы терапевт, фтизиатр, функционалдық диагностика дәрігері Айгерім Байзахова ашты.
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аяқтаған дәрігер мамандар ауданның денсаулық саласының өркендеуіне осылай үлес қоспақ.