Әзербайжандық сейсмологтар Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының сейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкінісін зерттеу бюросы хабарлады.
Жер сілкінісі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:47-де Каспий теңізінде, «Сиязань» сейсмологиялық стансасынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.