Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 2 шағынаудандағы Гуманитарлық колледж аялдамасына көлігін қойған азаматты анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“26 жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған азаматқа 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды,” деп жазылған қалалық полиция басқармасы таратқан ақпаратта.
Осы орайда Ақтау қаласы әкімдігі мен қалалық полиция басқармасы жүргізушілерден көлікті арнайы автотұраққа қоюын сұрайды.