Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенттері «Ізгіліктің бас ізі – Алғыс айту» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайырымдылық акциясы шеңберінде аз қамтылған, көп балалы және толық емес 7 отбасы тұтыну себеттерімен қамтамасыз етілді.
Акцияны «Студенттік парламент» белсенділері, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.Жайбергенова, басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Ю.Кисбаев, педагог-психолог Г.Исаева, педагог-ұйымдастырушы А.Еркебаева және жастар парламентінің президенті А.Сақтағанов және колледж жанынан құрылған «Шапағат» еріктілер клубының белсенділері ұйымдастырды.