4 тамыз күні Ыстамбұл-Ақтау бағытында «Пегасус» әуе компаниясының ұшағымен ұшып келген 240 адамның жүк сөмкесі Ыстамбұл қаласында қалып қойған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әлеуметтік желіде Ақтау әуежайында жүктері Ыстамбұлда қалып қойған адамдардың наразы бейнежазбасы тарады.
Желі оқырмандарының сөзінше,Түркияның «Пегасус» әуе компаниясы техникалық себептермен жүктерді жөнелте алмай, келесі рейске қалдырған.
Ал Ақтау әуежайының басшысы Меруерт Жолдыбаева бұған Ақтау әуежайы әкімшілігінің кінәсі жоғын, өткен жолы да «Пегасус» әуе компаниясымен осындай мәселе туындағанын айтты.
Осы сауалмен Ақтаудағы «Пегасус» әуе компаниясына хабарласып едік, ондағылар жауап бермейтінін айтып, тұтқаны қоя салды.