Ақтау тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында шаһар шырайын өзгертуге үлес қоса алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында креативті тұрғындары қала келбетін өзгертуге қатымты өтініш бере алады. Дауыс беру кезеңінен өткеннен кейін сарапшылар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жобалардың тізімін жасайд. Олардың барлық бастамалары белгілі бір критерийлерге сәйкес келуі керек. Мысалы, бір автор бір тұтас жобаны іске асыруға бір ғана өтінім бере алады.
-Қатысушылар қала аумағын абаттандыруға және дамытуға бағытталған өз идеяларын ұсына алады. Мысалы, аумақты көгалдандыру бойынша аяқ жолдар орнату, пандустар мен арықтарды салу және жөндеу, балалар мен спорт алаңдарын, демалуға арналған орындықтар орнату. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, жаяу жүргіншілер жолы және өзге де нысандар) салу мен жарықтандыруда, полигондарды жою бойынша және т.б өз идеясын қосуға болады, - деп түсіндірді Ақтау әкімдігі.
Өтінім берген кезде автор өз жобасының атауын қысқаша көрсетіп, сипаттама беруі керек. Жоба дәл осы аулада немесе шағынауданда не үшін қажет, не үшін есептелген, жалпы қалалық даму мен абаттандыруға қалай әсер ететіні маңызды. Ал идеяны іске асыру әкімдіктің құзыретінде.
Жобалық ұсынысқа шығыстардың болжамды сметалық есебін немесе баға ұсынысын, сондай-ақ жобаның фотосуретін, эскизін, макетін, схемасын қоса беру қажет.
Әкімдік жоба іске асыру құнынан асып кетсе, коммерциялық сипатта болса, ҚР заңдарына қайшы келсе, жала жабылса және т. б жағдайларда қаралмайтынын атап өтті. Егер жоба 10 дауыс жинамаса және әрбір тұрғын тек бір дауыс бере алса, ол іске асыруға қабылданбайды.
Өтінімдер 2023 жылдың 20 ақпаннан 10 наурызға дейін қабылданады. Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтында онлайн өтеді: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/bnu/663?lang=ru
Қосымша сұрақтар бойынша мына 8 (7292) 30-34-95 байланыс телефондарына хабарласуға болады.