Ақтаудағы 17 шағын ауданда орналасқан «B-Group Avenue» тұрғынүй кешенін салған құрылыс компанияның үш миллион теңгеден астам қарызы үшін аталған нысандағы үш коммерциялық үй-жайдың иелері де жарықсыз қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Маңғыстау Жарық" ЖШС ақпараты бойынша, "B-Group Avenue" ТҮК құрылысын салушының қарызы 3 миллион 877 мың теңгені құраған. Үй 2020 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға берілгенімен, тұрғындар тиісті шоттарды жеке тұлға ретінде емес, құрылыс салушы арқылы төлеп отырды.
"Б-Групп Оперейтинг" компаниясы бізбен шарт жасасуға және үйді биллингтік жүйеге енгізуге құжаттар ұсынған жоқ. Тиісінше, тұрғындар құрылыс салушы компания арқылы заңды тұлға ретінде ақы төледі", - деп пікір білдірді "Маңғыстау Жарық" ЖШС.