Қоғамдық тыңдау 2023 жылғы 3 наурызда сағат 11.00-де Ақтау қаласы, 1 шағын аудан, N18/2 ғимарат «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік, мәдени және бос уақытты ұйымдастыру орталығында» өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ресми сайтында хабарланды.
- «МАЭК» ЖШС жылу энергиясын өндіру және беру, магистральдық құбырлар арқылы сумен жабдықтау (ауыз су, техникалық және ыстық су өндіру) бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге келіп түскен өтініштер бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі. Бұл стратегиялық тауарлар бағасының өзгеруіне де байланысты.
Департамент қоғамдық тыңдауға депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғаларды шақырады, делінген хабарламада.
Айта кетейік, департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11.