Жаңаөзен іргесідегі ауыл тұрғыны құлағалы тұрған электр бағанасына қатысты шағым білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм-арнасында өңір тұрғыны елдімекен ішінде тұрған электр бағанасына қатысты шағымын жеткізді. Жеке үйлерге таман орналасқан бетон бағана жарылып, апатты жағдайда тұрғанына қарамастан әлі де пайдаланылып отырғаны байқалады.
- Мына бағананың сапасы сыр беріп отыр. Басынан аяғына дейін толық жарылып, құлауы мүмкін. Егер құласа тоқ адамдарға кері әсерін тигізетіні анық, - деп жазды Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм-арнасында жазба қалдырған өңір тұрғыны.
Оның сөзінше, аталған апатты бағана Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Рахат ауылында орналасқан. Ауыл тұрғындарының жазған шағымына әзірге тиісті тарап қандай шара қолданатынын айтқан жоқ.