Ақтаулық жастар 1 наурыз - алғыс айту күніне орай қаланың дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғысын айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асемай Мақсұтова, Перизат Алланазарқызы және Асылжан Асылбекұлы - Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының белсенді жастары. Олар қаламыздың тазалығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға рахметін айтып, тәттілер таратты. Жастар футбол және балалар ойын алаңын салып берген мамандар мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.
- Ақтау қаласының тазалығын сақтауда тынымсыз еңбек етіп жүрген жандар әрқашан құрметке лайық. Баршасына алғысымды айтамыз. Футбол және балалар ойын алаңын салып, балалардың еркін ойнап жүруіне жағдай жасаған қызметкерлерге және тәртіп сақшыларына да үлкен рақмет!, - дейді жастар.