Ақтаудағы Ф. Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің оқушылары 1 наурыз - алғыс айту күніне орай барша аналарға деген алғыстарын ән арқылы жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектебінің 170 оқушысы «Ана туралы жыр» әнін орындады. Оқушылар осылай аналарына деген алғысын айтып, махаббатын білдірді. Хор жетекшісі мектеп мұғалімі Назира Тұржанова.
-Мектебімізде 2612 оқушы білім алады. Білім ордасында 40 оқушыдан тұратын «Балдәурен» және «Жұлдыздар» ансамблі бар. Ал мектеп оқушыларынан құралған хор алғаш рет өнерін көрсетті. Хорға 1-11 сынып оқушылары және аталған ансамбль мүшелері қатысты , - деді Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектебінің директоры Жайна Ізтұрғанова.