Қала тұрғындары кейбір кәсіпкерлердің аялдамаларға мобильді павильондар орнатып, тұрғындарға кедергі келтіргеніне шағымдануда. Аялдамадағы сауда орындары аумақтың 90 пайызына орналастырылған, ал аялдаманың өзі шағын бұрышта, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мәселен, 13ш/а орналасқан аялдамада аз ғана адам сияды. Яғни, кәсіпкер тұрғындарға шағын аумақты ғана бөліп берген.
Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің айтуынша, кәсіпкер сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен эскиздік жобаны алдын ала көрсетіп, әкімдікпен келіспеген.
«Қазіргі уақытта бөлім мамандары мониторинг жүргізу аясында құзырлы органдарға алдын ала жобаға сәйкес келмейтін нысандар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін хат жолдайды», - деп хабарлады әкімдік өкілдері.