Бұл туралы өңірдің полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 6 қазан күні сағат 16:00 шамасында әлеуметтік желіні бақылау барысында @112_aktau Instagram парақшасында екі жасөспірімнің төбелескені анықталды. Оқиға 27 шағын аудандағы үйлердің бірінің маңында болған. Полиция қызметкерлері 15 және 16 жастағы екі жасөспірімнің жеке басын анықтады. Заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.