Алайда блогер саяхат кезінде геолокацияны көрсетуден бас тартты. Себебі, аталған аумақ алда қоқысқа толып кетуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Блогер Азамат Сәрсенбаев 8 сағат бойы жолсыз жермен жүріп, осындай ерекше табиғат аумағына барғаны туралы жазды. Бірақ табиғаттың ерекше тартымды аумағы алыс әрі оңай қолжетімді болмауына қарамастан мұнда қоқыс қалдықтары кездескен.
Ол бұл сапарында екі қап қалдық заттарды жинағанын айтып отыр. Сондықтан блогер геолокацияны көрсетуден бас тартты. Азамат Сәрсенрбаев өз жазбасында қоқысқа көміліп жатқан түбектің көптеген жағажайлары секілді аталған ерекше жерді де сондай қауіп күтіп тұр деп алаңдаушылығын жеткізді.