Тұрғындардың ауыз су құбырындағы қысымның төмендігі туралы шағымдарына байланысты тексеруден кейін магистральдық құбырдағы ысырмаларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Төменгі шағын аудандар мен 22, 14, 15 шағын аудандардың тұрғындары ауыз судың жоқтығына немесе қысымының әлсіздігіне шағымдануда.
Жүргізіліп жатқан жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты су беру шамамен сағат 22.00-де қалпына келтірілмек дейді жауаптылар.
"Қала тұрғындары су құбырында ақаулар туындаған жағдайда Маңғыстау облысы әкімінің Telegram чатына нақты мекен-жайы көрсетілген ақпаратты жібере алады. Коммуналдық мекеме қызметкерлері бұл чаттағы хабарламаларды күнделікті бақылап отырады", - деп хабарлады әкімдікте.