Ақтау тұрғындары тағы да 1 тәулік бойы ауыз сусыз қалды. Олардың ішінде 29ш/а тұрғындары да бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Ауыз суды өшіру туралы хабарландыру болған жоқ. Кешке үйге келдім, су жоқ. Қазір таң атты, вл біз әлі сусыз отырмыз, – дейді 29ш/а 26 үй тұрғыны Жұлдыз.
- 29ш/а су тасушы көлік жіберіңіз. Жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгісіз, өйткені әлі басталмаған. Сусыз қалдық,– деп шағымданады 24 үй тұрғыны Сара.
Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның мәліметінше, ауыз судың тоқтауы 24-үйдің маңындағы құбырдағы апат салдарынан болған. Апатты жою жұмыстары кешеден бері жүргізілуде.
– Ауыз су құбырының істен шығуына байланысты жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ауыз су шамамен сағат 13:00-ге дейін беріледі, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ аусыз қалғандар арасында 13ш/а мен 11ш/а тұрғындары да бар. 11 шағын ауданда кеше кешке 11ш/а 37 үйде ауыз су құбырында ақау шығып, соған байланысты 28, 29, 30, 31, 36, 37, 40 үйлерде су өшірілген. Ал бүгін жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек аталған шағын аудан тұрғындары бірнеше күн бойы ыстық судың жоқтығы мен кеше кештен бері жылусыз отырғандарын айтады.