Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 456-2бабының 3-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, А. 14.04.2024 жылы сағат 13:30 шамасында whatsapp желісі арқылы Атырау облысындағы төтенше жағдай бойынша жалған, нақты емес ақпарат таратқан.
Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген.