12.11.2022 ж. бастап «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ауыз су беру қысымын ОСЖТ-3-тен (ЦУВС-3) 3,0÷3,5 кгс/см2-ге дейін күн сайын 23.00-ден 05.00 сағатқа дейін төмендетуге, сондай-ақ ОСЖТ-4-ке (ЦУВС-4) жұмсалатын шығынды сағатына 550 тоннаға дейін төмендетуге мәжбүр. Қалған уақытта қаланың төменгі аймағына ауыз су беру қысымы 4,9÷5,1 кгс/см2, қаланың жоғарғы аймағына қысым 6,7÷6,9 кгс/см2 болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мәлімдеуінше, кәсіпорын тұтынушыларға ауыз су беруді өз мүмкіндігі шеңберінде жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ауыз суды өндіру мен бөлу бойынша жетіспеушілік пайда болған, бұл құрамында дистилляты бар резервуарлар деңгейінің критикалық мәндерге дейін төмендеуіне және ауыз суды дайындау станциясының сорғы және технологиялық жабдықтарының істен шығу қаупіне әкеледі.
Сонымен қатар, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2023 жылғы жүктемесі аса зор жазғы кезеңінен өту үшін кестеге сәйкес су тұшыту қондырғыларын күрделі жөндеуге шығаруы тиіс. Қазіргі уақытта ДТҚ-8 (ДОУ-8) жоспарлы жөндеуде. Сондай-ақ, басқа да су тұшыту қондырғыларына қысқа мерзімді жөндеу жүргізілуі (сорғыларды ауыстыру, қысыммен сынақ жүргізу) қажет.