Биылғы маусымда, әсіресе, даладағы өрт жиі кездеседі. Оның басты себебі - тұрғындардың жаз айларында ережеге салғырт қарауы, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Қалада контейнерде және мекемелер аумағында, құрылыс нысандарының ішінде қалдықтарды жағу фактілері бойынша өрт техникасын шақырулар саны жылдан жылға артып келеді.
Осыған орай Ақтау қаласының Төтенше жағдайларлар басқармасы қоқыс өртеп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұрғындарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 336 және 410-баптары бойынша әкімшілік айыппұл қарастырылатынын ескертеді.
«Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері 9 жеке тұлғаға 1 млн теңгеден астам айыппұл салды, оның ішінде 1 заңды тұлғаға 738 400 теңге, 8 жеке тұлғаға 332 280 теңге айыппұл салынды», - деді Ақтау қаласының төтенше жағдайлар департаменті аға тергеушісі, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сұлтан Өтемұратов.