Ақтауда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектер, аналар, әжелер қалалық қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемейді. Яғни оларға жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустары қыз-келіншектерге тегін қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлік тұрақты кестеге сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.