2 ақпан күні Ақтауда өтетін Қазақстан мен Әзірбайжан жастарының форумына 100-ден астам жастар ұйымдарының көшбасшылары, өнер, спорт, мәдениет, туризм саласы мен бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді өкілдері қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бұл жөнінде Әзірбайжан елшілігінің өкілдері "Маңғыстау-Медиа" ЖШС директоры Гүлмира Әбішевамен өткен кездесу барысында мәлімдеді.
- Қазақстан мен Әзірбайжан ежелден-ақ бірлік қағидатын берік ұстанған бауырлас елдер екендігі мәлім. Мемлекетаралық ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты дамыту әрі нығайту үшін әлеуетті мүмкіндіктері зор. Алда өтетін форум екі елдің көшбасшы жастарына озық тәжірибемен өзара алмасуына жол ашады. Форум асында Әзірбайжан мен Қазақстан елдерінің жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығының болашағы мен әлеуетін талқылау, туризм мен мәдениет және спорт саласындағы серіктестікті серпінді дамыту бойынша ақпарат алмасу жоспарланып отыр, - деді Әзірбайжан Парламентінің депутаты Вугар Искендеров.
"Жастар-қоғамның қозғаушы күші, ұлттың үміті. Тәуелсіздік жылдарында біздің елімізде прогрессивті ойлайтын және білімді жастардың тұтас буыны қалыптасып өсті" деген пікір білдірген Гүлмира Әбішева форумның маңызына ерекше назар аударды.
- Бүгінде Қазақстанда "Болашақ" халықаралық білім беру стипендиясы, президенттік Жастар кадрлық резерві, жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бағдарламалары және басқа да көптеген жобалар сияқты түрлі салаларда жастарды қолдау және ынталандыру бойынша мемлекеттік жобалар табысты іске асырылып келеді. Өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны да маңызды. Мемлекет жастардың дамуы үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасап келеді. Осы форум аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастық одан әрі күшейе түседі деп ойлаймын. Тарихи тұрғыдан Қазақстан мен Әзірбайжан арасында біздің көшбасшыларымыздың арқасында ынтымақтастықтың іргетасы қаланды. Біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытып жатырмыз және бұл жастар саясатына әсер ете алмады,- деді Гүлмира Әбішева.
- 2 ақпан күні Әзірбайжанда Жастар күні өтеді. Бұл күні еліміз бойынша әр түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондықтан біз 2 ақпан күні Ақтауда форум өткізуді ұйғардық. Бұл екі елдің қарым - қатынасын нығайтуға жасалған үлкен қадам екеніне сенімдімін, - деді Әзірбайжан Баспасөз кеңесінің басқарма мүшесі Гаджыбей Гейдарли.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарының алдағы сайлауы талқыланды. Сонымен қатар, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі сынды қатысты аса өзекті экологиялық мәселелер қозғалды.