Ақтауда 8 шағын аудандағы көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 48 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 шілде сағат 13:00 шамасында болған. 102 кезекші пультіне әйелдің 8-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабатынан секіргені туралы шақыру түсті.
Жедел тергеу тобы шақыруға барды. Оқиға орнынан тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді, - деп жазылған ПД таратқан ақпаратта.