Ақтауда және өзге 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
9 қазанда Манғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл болмақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі.
Ақтау қаласында 9 қазанда түнде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Бұдан бөлек, ескерту Жамбыл обылысында, Қарағанды мен Түркістан, Қостанай, Ұлытау, БҚО, Павлодар мен СҚО-да да жарияланды. Дәл осындай хабарлама Ақтөбе, Ақмола, Атырау облыстары мен Астана тұрғындарына да жеткізілді.