© Eldala.kz
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне кәсіпкер Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің әрекетіне қатысты шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпкерге «Спорт зал құрылысы (2 дана)» объектісінің жобалық-сметалық құжаттамасындағы түзету бойынша атқарған жұмысы үшін төлем жүргізуден себепсіз бас тартқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің араласуымен мәселе өз шешімін тауып, кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Нәтижесінде, Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі кәсіпкердің алдындағы берешегін өтеді.