«102» пультіне 2 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар қыздың атасынан түскен. Атасының айтуынша, ол немересімен 15-шағын аудандағы Жеңіс мерекесіне арналған концертке келген. Осыдан кейін атасы немересін таба алмай қалған, сосын полицияға хабарласқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бүлдіршінді іздеуге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Гүлмира Әлімханова келіп, жоғалған баланы іздеуге кірісті. Ол жақын маңдағы барлық көшелерді мұқият тексеріп, екі жасар баланы көрген адамдардан сұхбат алды.
Жедел іздестіру шаралары барысында жоғалған бала екі шақырым жерде орналасқан дүкендердің бірінен табылды. Ол туыстарына тапсырылды.
Баланың атасы тәртіп сақшыларына қызметі үшін алғысын білдірді.
Ақтау қалалық полиция басқармасы ересектерден балалардың уақытын қадағалап, тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды сұрайды.