Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев 27-шағын аудан №40 үйдің ауласындағы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы қала бойынша «Халық қатысатын бюджет» бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі 27-шағын аудан №40 үйдің маңындағы балалар ойын алаңы және воркаут алаңы. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі мердігер компания басшысына жұмыстарды сапалы жасауды тапсырды.
-Биыл 50 спорт алаңы және 80 балалар ойын алаңы салынады. Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» аясында 10 жоба іске асырылуда. Бұл жобалар тұрғындардың өтінішіне сәйкес жүзеге асырылады. Балалардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан мердігер компанияға балалар ойын алаңы мен воркаут алаңын сапалы жасауды тапсырамын, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.