Маңғыстау облысында жыл басынан бері 166 есірткі құқықбұзушылығы тіркелді. Оның ішінде 42 есірткі қылмысы және 124 есірткі теріс қылығы анықталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ильяс Жұмағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, заңсыз айналымнан 91,7 келі есірткі, оның ішінде «марихуана» – 89,7 және 2 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. 2024 жылы «марихуана» өсімдіктерін өсіру бойынша бір фито есірткі зертханасы жойылды.
-ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін – 10 адам жауапкершілікке тартылды.
Мониторинг барысында есірткіні насихаттауға және сатуға байланысты 162 сілтемелер түрлі сайттар мен жеделхаттар дүкендері анықталды, - деді Ильяс Жұмағұлов.
Сондай-ақ брифинг барысында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев өңірде есірткі сататын және жарнамалайтын дүкендердің сілтемелері бар 476 граффити жазулар боялғандығын айтып өтті.
-2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың тармақтарын іске асыру шеңберінде – 427 профилактикалық іс – шаралар өткізіліп, түрлі әлеуметтік желілерде жарияланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 мамырында ауқымды «Велошеру» акциясы мен 19 профилактикалық іс-шара өткізілді. Қазіргі таңда 26 маусым күні Ақтау қаласы 15 шағын ауданда орналасқан Амфитеатр сахнасында өткізілетін «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» акциясына дайындық жүріп жатыр, - деді Камиль Будайчиев.