Ақтауда «Шығыс-2» шағынауданының ішкі жолдарына 896 метр, ал «Шығыс-3» шағынауданының ішкі жолдарына 2063 метр асфальт төселді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстарға 11 техника мен 20-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.
- «Шығыс-2» және «Шығыс-3» шағын ауданының ішкі жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігер компания қызметкерлері «Шығыс-2» шағынауданының ішкі жолдарына 896 метр, ал «Шығыс-3» шағынауданының ішкі жолдарына 2063 метр асфальт төседі. Аталған жұмыстар жалғасуда, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.