Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №77 мекемесінің инспектор-психологтары сотталғандарға арнайы жаттығулар жасатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Семинар "Танысу", “Мен өзімді не үшін жақсы көремін", "Күйзеліс", "Деміңді ұста", "Маған не ұнайды?","Үйрек-қаз", "Молекула" деген ойындар мен жаттығулардан құралды.
Іс-шараның мақсаты - мазасыздықтан, қорқыныш пен қобалжудан арылу, өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділікті арттыру, жақсы көңіл-күйді қалыптастыру.
Тренингтің әр кезеңінде қатысушылар белгілі бір тапсырмаларды орындады, сол арқылы мамандар әрқайсысының психологиялық портретін жасай алды. Тапсырманы орындау кезінде әркімнің әр түрлі эмоциялары болды. Кей кезде бірінің көңіл-күйі түссе, бірі қуанышын жасырмады. Сотталғандар өздері туралы, өздеріне ұнайтын қасиеттері туралы айтты, тілектер картасын толтырып, бостандыққа шыққаннан кейінгі жоспарларымен, армандарымен бөлісті.
Шара соңында психологиялық тұрғыдан жеңілдік алған қатысушылар үшін мотивациялық фильм көрсетілді.