Ақтауда ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле қоңыр домбыра» атты мерекелік кеш өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Думанды кеште әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй шертіліп, шалқыған би биленеді.
Мерекелік шараға Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филормониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі, «АРТ спорт» бағдарламасы бойынша дайындалатын жасөспірімдер, сондай-ақ Асқар, Асанәлі Кошеровтер, Сержан Масжан, Кенжеғали Данияр, Сәбит Шектібаев, Жоламан Көшкінов, Алпысбек Оңайбайұлы, Оспан Құлсымақ, Фариза Ретбайқызы, Саламат Әуезов сынды майталман өнерпаздар қатысады. Сондай-ақ бұл кеште «Жорға»би ансамблі көпшілікке өз өнерлерін көрсетеді.
Мерекелік концерт 7 шілде күні сағат кеші 20:00-де Амфитеатр / Теңіз жағалауында өтеді.