Аққулар болжам бойынша құс тұмауынан қырылып жатыр. Сондықтан жергілікті тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақов карантин жариялау қажеттігін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Менің ойымша, құс тұмауынан аққулар өліп жатқанда карантин жариялануы керек. Көл жағасында өз бетімен құстарға азық шашып жүргенде, ауруды өзге адамдар мен үй құстарына жұқтыру қаупі бар. Бұл - дұрыс емес», - дейді эколог.