Маңғыстау облысында 2023 жылы учаскелік полиция инспекторлары бірнеше мың құқық бұзушылықты анықтап, нәтижесінде құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәселен, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 7342 құқық бұзушылық тіркеліп, тыныштықты бұзғаны үшін 5787 тұлға жауапкершілікке тартылды.
Ұсақ бұзақылықтың 1424 дерегі тіркелген. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 440-бабының нормаларын бұзудың 5208 фактісі анықталды.
441-бапта көрсетілген талаптарды, яғни белгіленбеген жерлерде темекі өнімдерін қолданғаны үшін 354 құқық бұзушыға айыппұл салынды.