Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы кеше, 9 наурыз күні Батыр ауылының маңындағы теміржол өткелінде болған. Nissan Teana көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жүк пойызын байқамаған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүк пойызы тәртіп бұзушының көлігін соғып, автокөлік жол жиегіне шығып қалған. Осы өткелде барлық қажетті жол белгілері бар. Жүргізушіге қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 610 бабы бойынша хаттама толтырылды, - деп толықтырды ведомство баспасөз қызметі.