• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Ақпан 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Ауған соғысы құрбандарын еске алды...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Бағзы дәуірден үн қатқан...

Үстірт үстіндегі вандализм іздері (ФОТО)...

  • USD: 415.57 ₸
  • EUR: 505.37 ₸
  • RUB: 5.65 ₸

Жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ашық талқылау өтті

[ 2020 ] 18 ақпан, 15:31  |  Маңғыстау жаңалықтары

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің латыннегізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмаларына сәйкес ашық талқылау өтті. Оны ашып, жүргізіп отырған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Гүлзайда Төлеуғалиева қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізілгенін қаперге берді. Бекітілген әліпби және оның емле ережелері бойынша Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық сүйемелдеу жұмыс топтары тиісті жұмыстар атқарып жатқанын айтып, нақты жүзеге асқан шараларға тоқталды.

Өткен жылғы ақпан айынан бастап желтоқсанның соңына дейін жұмыс топтарының 12 отырысы өткізілген. Бұл отырыстарда ғалымдар мен мамандар әліпби, оның емле ережелері мәселелерін талқылады. Осындай талқылаулар барысында әліпбидегі кейбір дыбыстардың таңбалануында жазылым мен оқылымда қолайсыздық тудыратын таңбалар бар екендігі анықталды. Жұмыс тобының мүшелері әліпби және оның емле ережелеріне байланысты апробациялық жұмыстар жүргізді. Апробация оқушылар, студенттер, ересек тұрғындар, оқытушылар, әдіскерлер арасында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде әліпби жөнінде айтылған пікірлерге мониторинг жүргізіліп, сол бойынша ғалымдар сараптама жасады. Жүргізілген мақсатты және жоспарлы жұмыстар негізінде Ұлттық комиссия жанындағы жұмыс топтарының мүшелері төмендегідей ғылыми қорытындыға келді.

Біріншіден, барлық түркі тілдерінің табиғатына ортақ «бір əріп–бір дыбыс» принципінің сақталмауы;

екіншіден, қазақ әліпбиіндегі реттіліктің сақталмауы;

үшіншіден, классикалық латын әліпбиіндегі кейбір әріптердің өзге дыбыстарды таңбалауы;

төртіншіден, әліпбидегі кейбір əріптердің Unicode стандартына сай болмағандықтан, компьютерде танылу, оқылу жəне конверторлау барысында кедергілер келтіруі. Осындай олқылықтар жаңа әліпбидің емле ережелерін үйрету курстарына қатысқан мұғалімдер мен әдіскерлер және жұртшылыққа насихаттау барысында сала мамандары мен зиялы қауым өкілдері тарапынан да айтылды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларда да, әлеуметтік желілерде де жиі көтерілді.

Жүргізілген сынама жұмыстарының нәтижесі де әліпби құрамындағы кейбір əріптерді өзгерту қажеттілігін көрсетті. Ал жинақталған ұсыныстар бекітілген әліпби реттеуге бағытталады, сондықтан бекітілген əліпбиге ішінара толықтырулар мен түзетулер енгізу қажет.

Мамандарға 3 нұсқа ұсынылды. Жобалармен С.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Бибайша Нұрдәулетова таныстырды. Жаңа әліпбиге төл нұсқасын ұсынып, үлес қосып жүрген маңғыстаулық педагог Қуантқан Ванов үш нұсқа бойынша өз пікірін білдірді.

С.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры Жоламан Қобыланов, Мұнайлы ауданынан келген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Динара Байтүгелова, Ақта қаласындағы №26 мектептің оқытушысы Қалампыр Балапанова сынды мамандар да талқылауға белсене қатысып, ойларын ортаға салды.

Осы талқылау қорытындысында қабылданған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жолданады. Ал ұсынылған қорытындылар мен ұсыныс-пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінде жинақталып, оған мониторинг жүргізіледі.

Пайымдауымызша, Маңғыстау мамандары Аралас нұсқаны көбірек қолдаған сыңайлы. Дегенмен, Республика бойынша талқылау қорытындысы бойынша шешім қабылданары анық. Сондай-ақ, ойларын ортаға салып, ұсыныс берген мамандар талқылауды ұзаққа соза бермей, жаңа әліпбиімізді қабылдағанымыз дұрыс деген ортақ пікірге тоқталды. Әліпбиін жаңалаған барлық елдер сияқты, біз де қате-кемшіліктерді жаңа жазуды қолдану барысында түзетіп отырсақ, мұны табиғи жайт деп қабылдау керек.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

676
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Газ және оны пайдалану ережелері

Келесі жаңалық

Бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаушыларға үкім шықты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Маңғыстау жаңалықтары Бейнеу Жастар беті Қарақия Редакция туралы Жаңалықтар Жаңаөзен - 50 жыл Біле жүріңіз Ашық қоғам Мұнайлы Экономика Сұхбат

    Автордың басқа да жазбалары

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    222

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    209

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    718

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    351

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    154

    Балықшылар демалыс орны бой көтереді

    11 ақпан, 16:00
    220

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»