Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтарын Ақтау қаласына көшіру мақсатында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге және «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан 1 млрд теңге бөлінген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қала әкімі Мақсат Ибағаровтың халыққа есеп беру кездесуінде айтқанындай, қазіргі уақытта 338 пәтер сатып алынған. Көшуге ниет білдіргендер комиссия шешімінің оң қорытындысын алып, келісім-шартқа отыру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 70 отбасы пәтерлерін алып үлгерген.
- Бұл жылы қосымша 150-200 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Қызылсай ауылында өрт салдарынан үйсіз қалған 6 отбасыны баспанамен қамту бойынша әкімдік тарапынан жұмыстар ұйымдастырылып жатыр, - деді Мақсат Ибағаров.