Бұл туралы бүгін қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ержан Қарабаевтың айтуынша, онша ауыр емес қылмыспен 35, орташа қышлмыспен 39, ауыр қылмыспен 50, аса ауыр қылмыспен 1, теріс қылықпен 35, жеке айыптау бойынша 6 айыпталушы сотты болған.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2019 жылы 47 тұлғаға қатысты іс аяқталған. Оның ішінде 9-ы бас бостандығынан айырылса, 11 айыпталушы шектеу жазасын алған, 25-іне айыппұл салынып, 2 азаматқа ҚК-нің 71-бабының 1 -бөлігінің 2-тармағына сай, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.
Айта кетейік, аймақта сыбайлас жемқорлыққа қатысты қозғалған іс өткен жылмен салыстырғанда 19-ға артқан.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН