Маңғыстаулық бапкер Батырбек Жайлыбаевқа бокстан «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Батырбек Жайлыбаев Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокста әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовтың алғашқы жаттықтырушысы.
Ол 2010 жылдан бастап Жаңаөзен қаласында жаттықтырушы қызметін атқарады. Қазіргі таңда Ақжол Әбілхан, жастар арасында Қазақстан чемпионатының финалисі Нұржан Ұршықбаев, Әлихан Есімжанов есімді шәкірттерді шынықтырып жүр.
Білікті бапкерді маңғыстаулық тұрғындар құттықтап, спорт саласында биікті бағындыра беруіне тілекутестік білдірді.
Айбек МҰХАНОВ
Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері