Осы аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
[ 2019 ] 18 қараша, 07:24 | Маңғыстау жаңалықтары
Бүгін Ақтауда күн ашық болады. Ауа температурасы +8°С, түнде -3°С-қа төмендейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты gismeteo.kz-ке сілтеме жасап.
Сейсенбі, 19 қараша күні күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +9°С, түнде +1°С.
20 қарашада күн бұлтты болады, ауа температурасы күндіз +5°С, түнде +2°С көрсетеді.
Ал бейсенбі, 21 қарашада күн бұлтты және қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +1°С, түнде -5°С болады.
Жұма, сенбі және жексенбі күндері қалада күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз -2°С-тан +2°С-қа дейін жылылықты көрсетеді. Түнде -8°С-тан -4°С-қа дейін төмендейді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
2115
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.