©
Бүгін "Nur Otan" партиясы қолға алған «Құтты мекен» жобасы аясында Партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов және партиялық бақылау қызметінің инспекторы Нұрлан Баймұрза Маңғыстау облысында салынып жатқан жаңа құрылыс нысандарымен танысты. Олар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын бақылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жұмыс сапары барысында Ақтау қаласындағы 18 "а" шағынауданында орналасқан электр желілерін таратушы орталыққа барды. Былтыр құрылысы басталған орталық жыл соңына дейін құрылады деген жоспар бар. Қазіргі таңда аталған орталықтан 6 мегабат электр күшін алуға болады. Бұл жөнінде электр желілерін таратушы орталықтың бас инженері Александр Иванов айтты. "Бізде 2 кіші трансформатор бар. Әзірге 6 мегабат электр күшін алуға болады. Кейін жоба толық аяқталған соң қосымша тағы 6 мегабат қуат беретін мүмкіндігі бар орталыққа айналады. Біздің міндет тек электр желілерін тарту емес, жақын маңдағы автомобиль жолдарын қамтамасыз ету", - дейді бас инженер. https://youtu.be/vIZ-zhRtoBI Сонымен қатар партиялық комиссия республикалық маңыздағы "Жетібай-Жаңаөзен" және облыстық маңыздағы "Ата жолы" автомобиль жолдарын қайта құрылымдау жобаларының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда "Жетібай-Жаңаөзен" жолының 73% құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып тұр. "Жаңаөзен қаласына барып, жолдың салыну жұмыстарын бақыладық. Батыс Қазақстан үшін жол мәселесі - үлкен проблема. Іс-сапар барысымен жүргенде жергілікті халықтың саудамен айналысып отырғанын көрдік. Бұл - өте қауіпті. Сондықтан жол салушыларға арнайы ұсыныс айтып, халыққа дұрыс жағдай жасауды, арнайы сауда алаңын салуды ұсыныс ретінде айттық. Қазір осыған байланысты арнайы жоба қарастырылып жатыр", - дейді партиялық бақылау қызметінің инспекторы Нұрлан Баймұрза. Келесі бағыт 33 шағынаудандағы тұрғын-үй құрылыс алаңына бағытталды. Онда құрылыстың сапасы мен жұмыстың жүйелі жүргізілуіне мән берді. Алдағы уақытта несиелік көпқабатты тұрғын үйге 300-ге жуық кезектегі адам қоныстанады деп күтілуде.Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78241,78242,78235,78244,78243,78240,78239,78236,78238,78237,78234"]