Жаңаөзен қаласындағы Оқушылар шығармашылық үйінде «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныбы» ашылды. Жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы мен Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылды. Шараға «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері ұстаздар және оқушылар қатысты. Сонымен қатар шара барысында «Үйірмелер көрмесі» ұйымдастырылып, үйірме оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар өздері құрастырған роботтарды ойын алаңына шығарып, олардың қабілеті мен қарымын көрсетті. Жас өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, үйірме оқушыларының көрмесін тамашалаған шара қонақтары оларға өз ризашылықтарын айтып, таным мен білім, білік сындарында жетістікке жетуге тілек білдірді. Бүгінде оқушылар шығармашылық үйінде үйірмелер саны - 88, үйірме мүшелерінің жалпы саны 5360 баланы құрайды.
Жаңаөзен-Ақпарат