©
28 наурызда «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалында қала активінің жиыны өтті. Отырысты Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Сәнім Танаева жүргізіп, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылы 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының 18 съезінде ұсынған партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын - Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларын сөз етті. «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы 2030 жылға дейін халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында нақты тапсырмалар берілген саяси құжат. Бұл бағдарлама аясында Елбасы республикалық бюджет шығындарының 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатынын жеткізді. Сондай-ақ, бюджеттің әрбір тиыны халыққа жетуі керектігі, толық емес отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіндік жасауды, көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындау, «Құтты мекен» жобасы аясында 7,5 млн. ауыл халқының жағдайын жақсарту, мүгедек бала асырап отырған ата-ана жәрдемақысын 30 пайызға өсіру, көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігін жасау және осындай отбасылар үшін 40 мың жалдамалы пәтер салу мәселелерін қамтыды. Ауылдарды дамытуға 90 млрд. теңге қарастырылатыны, маусым айынан бастап бюджет саласындағы айлығы төмен 27 мың қызметкердің жалақысы 30 пайызға көтерілетіндігі, денсаулық сақтау саласына қосымша 120 млрд. теңге бөлу және ірі қалаларда баспана салуға 90 млрд теңге бөлінетіндігі де қоса айтылды. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрберген Худибаев баяндама жасап, бағдарлама жөнінде толықтай айтып өтті. Жиын сұрақ-жауапқа ұласты.Жаңаөзен - Ақпарат