Ақтау қаласы әкімдігі «Қазақ соқырлар қоғамының» есеп-шотына 12 млн теңге аударды. Бүгін көгалдандырушылармен кездескен қала әкімі Ғалымжан Ниязов мәселенің шешімін тапқанын айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғалымжан Ниязовтың айтуынша, қаланы көгалдандыру бойынша келісімшарт Ақтау қаласы әкімдігі мен «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ арасында жасалған.
https://youtu.be/O7rql92vlLgКеше, 28 қараша күні Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жасалған жұмыстар актісіне сәйкес «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ «Маңғыстау» корпоративтік қорының есеп-шотына 12 млн теңге аударған.
"Бұған дейін «Қазақ соқырлар қоғамы» қазан айына орындалған жұмыстар актісін 55 110, 539 мың теңгеге ұсынған. Яғни компания көрсетілетін қызмет түрлерінің бағасын жоғары етіп көрсеткен. Сондай-ақ актіде көрсетілген жұмыстар жылдық сметаға сәйкес емес екендігі анықталды. Осыны негізге ала отырып қалалық тұрғын-үй коммуналдық бөлімі мекемеге қаржы аударуды уақытша тоқтатқан болаты", - деп мәлімдеді Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жергілікті билік осы кезге дейін келісімшарт негізінде 777 777,7 мың теңгенің 703 591,10 теңгесін төлеген. Ал қалған 74 186,60 теңгенің "7 шағынаудандағы саябақта тамшылата суару жүйесін орнату үшін" деп қаралған 53 327, 80 мыңы қысқартылған. Оған себеп - әкімдік саябақта күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізуде.
"Жыл соңына дейін қалған 20 858, 8 мың теңге игерілуі тиіс еді. Бүгінде ол ақшаның 12 млн төленді", - делінген Ақтау қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Бұған дейін сайтымызда Ақтауда 70 көгалдандырушының еңбекақысын ала алмай жүргенін хабарлаған едік. Сол кезде Зағиптар қоғамының "Маңғыстау" корпоративтік қорының жұмысшылары жалақыларын ала алмай жүргенін айтып, Ақтау әкімдігінде келген болатын.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Скиншот әкімдіктің видеосынан алынды