©
Жаңаөзенде газдың жайылуынан тұрғын үй жарылған кезде жарақат алған әйел бүгін, 23 қарашада, жергілікті уақытпен сағат 18.20-да аурухана бөлмесінде қайтыс болды. Дәрігерлер 56 жастағы әйелдің өліме полиорганды жетіспеушілік себеп болды деп отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің денесінің 22 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер әйелдің өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қала алмады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сайтымызда Жаңаөзенде бір отбасының үйі газдан жарылып, үш адам зардап шеккенін хабарлағанбыз. Отбасының кіші ұлы ауруханадан шығарылған.
Ал ауыр хәлде Жаңаөзен ауруханасына жатқызылған 1962 жылы туған анасы мен 1989 жылғы баласы Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасына ауыстырылған еді. Бүгін күндіз азамат аурухана төсегінде көз жұмды.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен